Abstract:
Қазіргі заманның ерекшелігі – ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және олардың адам өміріне етене енуі.
Сәйкесінше, қоғамда қалыптасқан ережелерге қайшы келетін
әрекеттер орын алуы мүмкіндігі ұлғайды. Заңға қайшы әрекеттер орын алған жағдайда, соттық юрисдикцияны орнату мәселесі қандай? Тіпті, интернет және жалпы киберкеңістік бұл
тұрғыда «қараңғылықты» тудырады. Қарқынды дамып жатқан
ақпараттық технологияларға қолданыстағы заңнамалардың ілеспеуі мәселе тудырады. Мысалы, киберкеңістікпен байланысты
дауларға қатысты соттық юрисдикцияны орнату мәселесі. Киберкеңістік және оның айналасына қатысты тақырыптар бойынша көптеген зерттеу жұмыстары болғанымен де, өкінішке
орай отандық доктриналар үнсіз. Сонымен қатар, цифрлық
дәуірде сот юрисдикциясын құру да күрделене түсетінін атап
өткен жөн. Мысалы, интернеттің шексіз сипаты, пайдаланушылардың анонимділігі және т.б. Сондықтан осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізу өзекті. Айтылып өткендей, отандық
доктринада киберкеңістік және соттық юрисдикция тақырыбына қатысты қандай да бір зерттеу жұмыстары жоқ. Сондықтан,
зерттеу жұмысын жүргізу барысында шетел заңнамалары, сот
істері және осы тақырып бойынша беделді деген авторлардың
жұмыстары қарастырылды. Нәтижесінде, соттық юрисдикцияны орнату барысында кибер-
кеңістіктің ерекшелігін ескеру қажеттілігі анықталды. Яғни, қазіргі таңда бұл ерекше ор-
таны елемей кетуіміз мүмкін емес. Сонымен қатар, киберкеңістіктің «бір мезетте барлық
жерде бола тұра, бір жерде болмау» ерекшелігі forum non conveniens принципінің одан әрі
қатаң қолданылуына жол ашты