Abstract:
Автор Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық кодексінің белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау туралы бабында құқықтық табиғаты әртектес ережелердің: жеңілдетуші мән-жайлардың жазаға әсерінің күшін (шамасын) нақтылайтын ережелер (ҚР ҚК 55-бап. 1, 2 және 3-бөл.) және қылмыстық-құқықтық санкцияда көзделгеннен неғұрлым жеңiл жаза тағайындау тәртібін бекітетін ережелер (ҚР ҚК 55-баб. 4, 5 және 6-бөл.) біріктірілгенін атап көрсетеді. Бұл орайда, сотқа істе ерекше мән-жайлар болмаған жағдайларда төменгі шектен де төмен жаза тағайындау құқығы беріледі. Автордың пікірінше, неғұрлым жеңіл жаза тағайындау
институтын құқықтық реттеудің дәстүрлі үлгісінен осылайша алшақтау бір жағынан, жаза тағайындаудың заңнамалық шегі ретінде санкцияның маңызын төмендетеді, екінші жағынан, дискрециялық өкілеттіктерді теріс пайдалану үшін қолайлы жағдай жасайды.