Abstract:
Мақала тәуелсіздік алғаннан кейін ашылған ҚазГЗУ-дің тарихына арналған. ҚазГЗУ мұражайы материалдары мен мұрағат қоры негізінде университеттің қалыптасуы мен даму тарихы сипатталған. Мақалада оқу орнының ректорлары, Алматыдағы университеттің дамуы және оның Астана қаласына көшірілуі, жаңа оқу ғимараты
құрылысы, оқу және ғылыми жұмыстардың жетілдірілуі, халықаралық
байланыстардың кеңеюі, Қазақстандағы құқықтық реформаны іске асырудағы ролі көрсетілген.