Abstract:
Ғылыми мақалада сараптамалар мен зерттеулердің сапасын арттыру мақсатында сот сарапшыларын дайындау мен қайта даярлауды ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен нұсқаулар баяндалады. Жоғары кәсіби білім беретін білім беру мекемелерінде «Сот сараптамасы» мамандығы бойынша сот
сарапшыларын дайындау, оларды ҚР білім беру мекемелерінде базалық қайта даярлау және сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін арнайы бағдарлама бойынша тағылымдамадан өткізу мәселелері қарастырылған.