Abstract:
«Азаматтық құқық» пәнінің жалпы бөлімі бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар «Құқықтану»,
«Құқыққорғау», «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелікқұралы. Оқу құралының мазмұны «Азаматтық құқық» пәнінің жалпы бөлімі бойынша барлық тақырыптарды қамтиды, әрбір тақырып бойынша негізгі құқықтық нормалар мен институттарды қысқаша нысанда сипаттап, әр тақырыпты толық игеру үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) және оған қоса тағы да қандай заңнамаларды білу қажет екендігі көрсетіледі. Оқу-әдістемелік құралдың түсініктеме беретін жазбаша мәтініне қоса сол тақырыпты тереңірек игеруге арналған сызбалар берілген, бұлармен мұқият танысуға қажет, себебі сызбалар негізінде теориялық білімдер жүйелі түрде бекітіледі. Әр тақырыпты тәжірибелік көріністе бекіту үшін Нұсқауларға қосымша есептер (қысқаша кейстер) келтірілген. Тәжірибелік жағдайларды дұрыс реттеп шешу үшін сол кейс қандай тақырыпқа қатысты құрастырылғанын ескере отыру жөн, өйткені әрбір жағдай арнайы тақырып бойынша теориялық білімдерді бекітіп, оларды тәжірибеде қолдануды үйренуге бағытталған. Нұсқаулық «Азаматтық құқық» оқулығына тек қосымша ретінде пайдалануға жатады, бұл Нұсқаулықты пайдалану студенттерді «Азаматтық құқық» оқулығын толық көлемінде оқып зерделеуден босатпайды. Бұл оқу-әдістемелік құралы «Азаматтық құқық» пәнінің ерекше бөлімін де түсініп, игеруге көмек болады.