Abstract:
Бұл мақалада қатысушылардың заңды тұлғаны басқару органдарының шешімдерін даулау құқығының жекелеген қырларына назар аударылады. Автор мақалада басқару органдарының шешімдерін даулаудың коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдық-
құқықтық нысандарының басым бөлігіне тән екендігін атап өтеді. Басқару органдарының шешімдері мен осы шешімдердің негізінде жасалынатын мәмілелердің өзара байланысы мәселесіне де мақалада көңіл бөлінген.