Abstract:
Мақала корпоративтік құқықтық қатынастардағы «тұйыққа тірелу жағдайының» пайда болу себептерін анықтауға арналған. Аталған ұғымның мазмұны шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып ашылады. Мақалада акцияны (үлесті) «тұйыққа тірелу жағдайы» аясында иесіз деп тану мүмкіндігі туралы мәселе
қарастырылады. «Дедлок» ұғымын отандық заңнамаға енгізу туралы ұсыныс талданады. Отандық және ресейлік соттардың құқыққолдану тәжірибесінің материалдары қарастырылған.